Навигация

Байланыс

  • «Дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты» ММ
    Павлодар қ., Камзин көшесі 69а
  • Tel.: +77182 60 71 98
    Fax: +77182 60 71 97

Сенбі 21/07/2018

Сайтымызға қош келдіңіз

Құрметті оқушылар,


Осы сайтта, сіз өзініздің сабақ кестесін, алмастыру өзгерістер және басқа да пайдалы ақпаратты тексеруге алатын боласыз. Біз сіздерге осы бетті ұнататын және ол пайдалы болатының деп үміттенеміз.

Жаңалықтар

    • Құжаттарды қабылдау тәртібі
      • Конкурстық іріктеуге қатысу үшін Үміткерлер келесі құжаттарды тапсырады:

        1) конкурсқа қатысу үшін өтініші, оқыту тілі туралы ақпарат;

        2) үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;

        3) үміткердің 6 сыныпта оқитынын растайтын оқу орнынан анықтама (ІІ-ші кезеңге өткен жағдайда);

        4) 3*4 фотосурет (2 дана)

        Конкурсты өткізу тәртібі

        1. Үміткерлерді іріктеу - логикалық ойлау қабілетінің деңгейін анықтауға арналған тапсырмалар арқылы конкурс негізінде өткізіледі.

  • Ата-аналар арасындағы волейбол жарысы

    2016 жылдың  10 желтоқсанында   Дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында «Тәуелсіз Республиканың 25 жылдығына 25 игі іс-шара» бағдарламасы шеңберінде волейбол жарысы ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның ерекшелігі – өзара жарысқа түскен облыстың дарынды балаларға арналған мамандандырылған 10 мектептің оқушыларының ата-аналары. Қазақ-түрік лицейінде  үлгі арқылы тәрбиелеу тәрбие жұмысының негізгі қағидасы болса, жарысқа түскен  100 ата-ана салауатты өмір салтын насихаттаудың үлгісі бола біліді. Ы.Алтынсарин ат. гимназия, Ақсу гимназиясы, №3 гимназия, №8 лицей, Абай ат. №10 лицей, Екібастұз қ. Көпсалалы лицейі, «Жас дарын» мектебі, көпсалалы лицей, әскери мектебі, қазақ-түрік лицейлерінің ата-аналарымен қоса қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің ардагерлер командасы да осы жарысқа қатысу өтінім берді. Балалары мектепті бітіргеніне бірнеше жыл өтсе де аталмыш жарысқа белсене қатысып жүрген ата-аналар – келешек ұрпаққа нағыз үлгі болатыны сөзсіз.

  • Өнері үлгі ұрпаққа...

    2016 жылғы 10-қараша күні Дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында «Тәуелсіз Республиканың 25 жылдығына 25 іс-шара»  бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері,педагогика ғылымдарының кандидаты, әнші, актриса, тележүргізуші, жерлесіміз Меруерт Тусупбаевамен «Жастарға үлгі өнері» атты кездесу өтті.  Сырлы сұхбат-кездесуі оқушылардың өзін-өзі басқару органы –Лицей парламентінің ұсынысымен ұйымдастырылды. Мақсатымыз – өскелең ұрпаққа ұлттық мәдениет пен өнер арқылы қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру, ұлттық құндылықтырды бойларына сіңіру.

  • «Даланың дара ұстазы»
    11/11/2016

    Ыбырай  Алтынсарин - қазақ халқының тарихында көрнекті орын алатын ірі тұлға, елдің мұң-мұқтажын көре біліп, халқының сол мұқтажына  перзенттік махаббатын арнаған, туған халқының  игілігі үшін  бар күш-жігерін жұмсаған ардақты азамат, реалист жазушы, фольклорист,қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы, ағартушы-педагог, тіл тазалығы үшін күрескен  тұңғыш кемеңгер, қоғам қайраткері. Оның   елі үшін атқарған қызметі ұшан-теңіз. Өз халқының келешегі үшін істеген еңбегі зор. Ы. Алтынсариннің  еңбектері  өз заманында қандай қажет болса, бүгінгі күні де маңызын  жомайтын рухани қазынамыз.   Елімізде Ыбырай Алтынсариннің  туғанына 175  жыл толуына орай  түрлі іс-шаралар өткізілуде.

  • «Өнер, білім-бәрі де оқуменен табылған...» атты Ыбырай оқулары

    Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында қазақ даласына тұңғыш білім  шамын жаққан ағартушы Ы.Алтынсариннің  175 жылдық мерейтойына  орай «Өнер, білім– бәрі де оқуменен табылған...» атты мектепаралық Ыбырай  оқулары өтті.

    5-8-сынып оқушылары арасында өткен білім сайысында талапкерлер ақын  өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу талабы бойынша «Оқысаңыз, балалар, шамнан шырақ жағылар...» бөлімінде қаламгердің өлеңдер мен әңгімелері бойынша,  «Үміт  еткен  көзімнің нұры-балам...» бөлімінде Ы.Алтынсаринге  арнап  өлең жазу талабы бойынша ,     «Ы. Алтынсарин - ұлтының ұлы перзенті» бөлімінде «Ыбырай мұралары - ұрпақ игілігі», «Ы.Алтынсариннің  табиғат лирикасы», «Ы.Алтынсарин шығармалары - тәрбиенің алтын діңгегі» тақырыптарында эссе жазу бойынша сынға түсті.  Эссе жазу бағыты бойынша қатысқан Дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицейінің    8-сынып оқушысы Шаймардан Дана І дәрежелі дипломмен, пән мұғалімі А.К.Аубакирова «Алғыс хатпен» марапатталды.

  • «Тіл талапкері»  атты интеллектуалдық сайыс  өтті
    21/10/2016

    «Әр халықтың тілі – білімнің кілті» демекші,   лицейімізде дәстүрлі Тілдер мерекесіне орай  түрлі іс шаралар өткізілді. Апталықтың төртінші күні 9-сыныптар арасында «Тіл  талапкері» атты интеллектуалдық сайыс  ұйымдастырылды.  Мақсаты - оқушыларының өз еліне, туған жеріне, тіліне деген құрмет сезімін қалыптастыру, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, ана тілімізді насихаттау,  оқушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуге  үйрету.

      Сайыс 6 турдан  тұрды. Алғашқы  кезеңде  «Қыран» тобы мен «Сұңқар» тобы өздерін таныстырып өтті.  «Бәйге» бөлімінде   топтар қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты бірнеше сұрақтарға жауап берді. Үшінші турда мақал-мәтелдер айтудан жарыс болса, «Дода» бөлімінде әр топ ұяшықтардағы  сұрақтарды таңдап, өзіне неғұрлым көп ұпай жинауға тырысты. «Көкпар» бөлімінде аз уақыт ішінде қай топ көп сөз ойлап тапса,  «Жорға » кезеңінде  топ басшыларының қабілеттері  сынға түсті. Нәтижесінде  әділқазылардың шешімімен  210 ұпай жинаған  9 «А» тобы жеңіске жетті. Сондай-ақ көрермендерге арналған сұрақтарға  белсенді жауап берген оқушыларға  сыйлықтар  берілді.

  • Химия пәні бойынша жасөспрімдер олимпиадасы
    20/10/2016

    2016  жылғы 19 қазан күні дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицейінде химия пәнінен VІ жасөспірімдер олимпиадасы  өтті. Олимпиадаға облыс бойынша  64 оқушы қатысты.

    Химия пәні бойынша жасөспрімдер олимпиадасы бұл күрделі олимпиадаларға апаратын  алғашқы қадам, республикалық олимпиадалардың бастамасы.

    Алты  жыл қатарынан жасөспірімдер олимпиадасы облыс бойынша үздік  химиктерді  анықтауда, бірақ олимпиада қатысушылары үшін үздіктер қатарына шығу жылдан жылға қыинға түсуде. Олимпиаданың нәтижелі өтуі оқушыдан пән бойынша терең білімді ғана талап етпейді, сонымен бірге жаңа ақпаратты тез ұғып,   берілген тапсырманы тез,  шешімін жылдам қабылдап шығаруға  баулыйды. Осы қасиеттер химия пәнінен VІ жасөспірімдер олимпиадасының үздіктерін анықтауға көмектесті.

  • Ұлттың ұлы жыршысы – Дулат
    17/10/2016

    Қазақ халқы үшін 2016 жыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен қатар, ел, ұлт тарихы үшін маңызы зор оқиғалардың тізбесімен де мерейлі болмақ. «Ұлт тұғыры - ұлы тұлғалар» десек, 2016 жыл қазақ жұрты Дулат Бабатайұлының 215 жыл, Тұрмағамбет Ізтілеуұлының 195 жыл, Ыбырай Алтынсариннің 175 жыл, Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеевтің 170 жыл, Әсет Найманбайұлының 150 жыл, Ахмет Байтұрсынұлының 145 жылдық меретойларын атап өтеді. Еркіндікті аңсаған қазақ халқы, міне, ширек ғасыр азаттықтың азат таңына шомылып, төрт құбыласы түгел бүтін ел ретінде бейбітшілік пен келісімнің ұйытқысы болып келуде. Бірақ тәуелсіздік дегенде, жер мәселесін ашына айтып, отаршылдық саясатты жырлаған Дулат есімін айту заңды. Дулат Бабатайұлының есімі қазақ тарихында ұлт жанашыры, күрескер ақын, сөз жауһарын отты жолдарға өрген жыр тұлпары, азаттық жырдың ақтаңгері ретінде қалды. Ақынның 215 жылдығына орай республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы шеңберінде «Дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты» мемлекеттік мекемесінде 2016 жылдың 21 қыркүйегінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Айгерім Сертайқызы Жумабекованың бастауымен «Дулат оқулары» ұйымдастырылды.

  • Жүзден жүйрік атанған жеңімпаздар
    08/10/2016

    2016 жылдың 8 қарашасы күні Павлодар қаласының Дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында  ата-аналар арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Достық» спартакиядасы өткізілді. Аталмыш шараға 7-11 сынып ата-аналары қатысты. Жалпы спартакиадада ата-аналар спорттың волейбол, теннис, шахмат, көңілді мәре сынды ойындарынан сынға түсіп, спорттық қабілеттерін көрсетті. «Достық» спартакиадасы - салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата-аналар мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Демек бұл спартакиада  лицей мен ата-ана арасындағы байланыстарды нығайтуда үлкен рөл атқарады. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп тұратын осы спартакиаданы ата-аналар асыға күтеді.  Түскі тамақтан соң екінші айналым басталып, жүлделі орындарға таласқан командалар ақтық сайыста бір-біріне дес берместен ойнады. Соңғы шешуші сәттер тіпті қызықты болды. Алайда, бап емес, бақ шапқан командалар жеңіске жетті. Спартакиаданың жабылу салтанатында лицей директоры Шабан мырза сөз сөйлеп, барлық жеңімпаз ата-аналарды құттықтап, бағалы сыйлықтарын тапсырды. Спартакиаданың қорытындысы бойынша, волейбол жарысынан І орынды – 10 «А» сыныбы, ІІ орынды – 9 сынып құрамы, ІІІ орынды – 10 «б» сыныбы иеленді. Үстел теннисінен (ерлер арасында) І орынды- Джошкун  Шабан (7 «А» сыныбы), ІІ орынды – Уралов  Ураз (9 «Б» сыныбы), ІІІ орынды – Мухаметкалин (9 «А» сыныбы) иеленді. Үстел теннисінен (әйелдер арасында) І орынды - Садвакасова Гауһар (10 «Б»

  • Кітап апталығының ашылуы

    2016  жылдың 18-сәуірі күні «Дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты» ММ-сінде  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күніне арналған  «Кітап – тарих, шежіре!»  атты кітап апталығының   ашылу салтанаты өтті. Салтанатты лездемеде апталықтың жоспары, апталық шеңберіндегі іс-шаралар таныстырылып, көрмелер өз жұмысын бастады.

    Апталық мақсаты: Оқушылардың әдеби кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру, кітапханаға оқырмандарды тарту, оқырмандардың ой-өрісін дамыту, оқыған кітаптарын талдай отырып, рухани тәлім-тәрбие алуларын қадағалау, апталық жоспарымен таныстыру.

Жаңалықтар

Байланыс

  • «Дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты» ММ
    Павлодар қ., Камзин көшесі 69а
  • Tel.: +77182 60 71 98
    Fax: +77182 60 71 97

Фотогалерея