Әдістемелік көмек

Коучинг-1

Коучинг-сессия

ҚМЖ 

Өту мерзімі: 2015 жылдың 5 ақпаны

Өтетін  орны – лицей кітапханасы

 

Р/с

Кезеңдер

Мазмұны

Күтілетін нәтиже

І

Дайындық кезеңі

Қажетті материалдарды,  ресурстарды дайындау.

 

1

Өту күні мен орнын белгілеу

Әріптестердің неғұрлым толық  қатысуын қамтамасыз ету үшін, қолайлы уақыт пен жұмыс жасауға ыңғайлы орынды анықтау және дайындау.

2

Коучинг сессияның тақырыбын/модулін анықтау

«Үй жұмысы: қанша, қалай, неліктен?» /Жас ерекшелігіне сай оқыту модулі

3

Мақсаты

45 минут  ішінде әріптестермен «Үй жұмысы: қанша, қалай, неліктен?» тақырыбы негізінде оқушылардың апталық жүктемесі мен үй тапсырмасының мөлшері туралы  ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің 2014 жылғы 28 қазандағы №02-2/2203 хатының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету арқылы әріптестерде үй тапсырмасының көлемі мен мөлшері туралы жаңа ой қалыптастыру. 

 

1.Үй тапсырмасының көлемі мен мөлшері туралы жаңа ой қалыптасады.

2.Оқушылардың апталық жүктемесі мен үй тапсырмасының мөлшері туралы  ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің 2014 жылғы 28 қазандағы №02-2/2203 хаты жүзеге асырылады.

3. Үй тапсырмасы көлемінің оқушының жас ерекшеліктеріне сай болуының   маңыздылығын,  тиімділігін түсінеді.

4. Үй жұмысы жазалау, қорқыту құралы емес, үй жұмысы – оқыту үрдісінің маңызды бөлшегі, оқушының ББІ дамыту құралы екендігін түсінеді.

4

Сілтеме

Мұғалімдерге арналған Нұсқаулық.

Оқушылардың апталық жүктемесі мен үй тапсырмасының мөлшері туралы  ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің 2014 жылғы 28 қазандағы №02-2/2203 хаты

 

 

Ұсынатын материалдардың тақырыптың мазмұнына сай болуы, ғылымилығы, нақтылығы.

5

Күтілетін нәтиже

Әріптестерге үй жұмысының мақсаты  туралы  жаңа көзқарас тудыру, кәсіби қолдау көрсету.

Оқушылардың оқуы жақсаратындығын, оқушы өзінің білімі қай деңгейде екенін білетіндігін түсінеді, ал мұғалім қай бағытта жұмыс істеу керектігін түсінеді.

6

Түйінді идеялар

«Үй жұмысы – оқыту үрдісінің маңызды бөлшегі»

7

Қолданатын материалдар

Постер,  А4 парақтары, стикер,  маркер,  қалам, интерактивті тақта

8

Оқыту әдістері

Сергіту сәті, 2 топқа бөлу әдісі, болжау стратегиясы, кері байланыс, миға шабуыл

9

Дерек көздері

Теориялық материал  (МАН, 2 деңгей)

10

Тапсырмалар

Сұрақ-жауап, ассоциация, салыстыру, талдау, жинақтау, топтастыру, қолдану

11

Оқуға арналған тапсырма

Мұғалімге арналған Нұсқаулық, Үлестірмелі материалдар топтамасы

 

Р/с

 

Кезеңдер

 

Мазмұны

Табыс критерийлері

(Қалай анықтаймын?)

 

Күтілетін нәтиже

Орындауға берілген уақыт

ІІ

Өту барысы

1

Сергіту сәті

Әріптестер шеңберге тұрып,  «Мен қандаймын?» ойынын ойнайды.

Ойын шарты: өз есімін айту,  содан кейін есімінің бірінші әрпін пайдаланып, бір сын есіммен өзін сипаттау. М: Мен Айгеріммін, ақылды Айгеріммін.

 

Жағымды көңіл-күй атмосферасы қалыптасады

3 мин

 

Топқа бөлу

Пән бойынша және бағыттар бойынша коучилер үш топқа орналасады.

Топтарға бөлінеді.

Топтық жұмыс тиімді болады, бір мәселеге әр пән ерекшелігі тұрғысынан толық баға беріледі.

2 мин

2

Қызығушылықты ояту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Миға шабуыл»

 

 

 

 

 

 

 

       Құрметті әріптестер, бүгінгі коучинг-сессияға қош келдіңіздер!

       Біздің ұстаздық қызметімізде оқушы білімін тексерудің, анықтаудың маңызды құралдары – бақылау жұмыстары және үйге берілетін тапсырмалар.

      Үй жұмысының көлемі қанша болуы керек деп ата-аналар мазаланса, үй тапсырмасы өте көп, қалай орындаймын деп оқушы ойлайды, ал біз мемлекеттік стандартты орындаушы ретінде неліктен мен үй тапсырмасын беремін, не үшін, қандай мақсатты көздеймін деп ойлануымыз керек.

 

 

 

 Бұл тақырып жөнінде қазіргі кезде ойланбаған адам жоқ. Ата-аналардан бастап, мұғалімдер, тіпті, заңгерлердің өзі бұл мәселеге назар салды. Ғаламтордан «Үй жұмысы» тақырыбына қойылатын ең көп сұрақтардың ішінен таңдалған мынадай сұрақтарға мұғалім ретінде жауап беріп көрейікші.

    

      Сұрақтар:

kirik 

И вообще времена сейчас какие-то напряженные, отдыха совсем мало, что у взрослых, что у детей, ну чего так напрягаемся все? Человек ведь не машина, он просто должен отдыхать, а ребенок тем более. Помимо уроков у него должны быть и другие занятия, например, спортивные, культурные. Если школа не способствует творческому развитию детей, тогда хоть дайте время на саморазвитие!!!  Где на это время ему найти?

 

Гость  

Что учитель не дал на уроке, он задает на дом, плюсом еще домашняя работа.

 

КЕРЕЙ

Ұстаздар үй жұмысын бергенде, қандай мақсатпен береді? Жүктеме көбейгенде, білім көбейе ме? Ауыр сөмкелерді сүйретіп жүруден балалар шаршамас, шектен тыс үй тапсырмаларынан қажиды. Жүйкесіне зиян тиетінін, бала қанша сағат ұйықтайтындығы туралы кім ойлануы керек?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-өз тәжірибесін бағалау;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-өз тәжірибесіне сын көзбен қарайды;

-топтық жұмыста бірлескен жұмыс жасайды;

 

7-8 мин

3

Ой толғаныс кезеңі:

 

  1. Болжау әдісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Талдау

 

 

 

Оқушыға үйге берілетін тапсырма көлемі көп делік, осы сұраққа біз  білім беру үрдісіне қатысы бар 3 тарап тұрғысынан,ата-ана, оқушы, мұғалім тарапынан қарап көріп, ой жүгіртсек. Бүгінгі коучинг-сессияда қанша, қалай, неліктен деген сұрақтар төңірегінде үй тапсырмасының көлемі мен мөлшері тақырыбын қозғайтын боламыз. Ата-аналар тобы үй жұмысының көлемі туралы қанша? сұрағына, оқушылар тобы  қалай?, ал мұғалімдер тобы неліктен? деген сұраққа жауап іздейді.

 

 

 

 

 

Лицейдің ерекшелігі – интернаттық білім ордасы болуында. Сондықтан оқушының  жұмыс күні күн реттеліміне негізделеді. Ендеше, лицейдегі біздің оқушылардың күн реттелімін және сабақ кестесін негізге алып, үй жұмысы тақырыбына сын көзбен қарап көрсек.

1-топ: «Үй жұмысы болмаған жағдайда, оқушылар өздерінің сабақтан кейінгі бас уақытын қайда жұмсар еді?» деген тақырыпта постер салады.

2-топ: «Оқушы армандайтын, мінсіз  күн реттелімін қалай елестетесіздер?» деген тақырыпта постер салады.

3-топ: Оқушылардың сабақ кестесін және күн реттелімін негізге ала отырып, бір сынып мысалында оқушылар аптаның әр күні үй жұмысына шын мәнінде қанша уақыт жұмсайтындығын есептеп, нәтижесін постерге салады.

 

-топта бірігіп ортақ идеяларды шығару;

-ойлану арқылы дәлелдемелерді ортақ постерге түсіру;

- дәлелдермен айғақтау;

-өз тәжірибесін бағалау;

-спикердің қорғауы;

-топтардың бір-бірін формативті бағалауы; 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-спикердің қорғауы;

-топтардың бір-бірін формативті бағалауы;                               

 

- ойланады, өз дәлелдерін ұсынады;

-жеке дара ойланады, өз дәлелдерін ұсынады;

-топпен жұмыс жасау дағдыларын меңгереді;

-ортақ шешімге келеді;

-нақты дәлелдер келтіреді, дәлелдейді;

-берілген сұраққа жауап іздеу арқылы тұжырымдама жасайды;

-постер дайындайды, спикер қорғайды;

-берілген сұрақтарына жауап береді,  дәлелдермен айғақтайды;

 

 

- ойланады, өз дәлелдерін ұсынады;

-топпен жұмыс жасау дағдыларын меңгереді;

-ортақ шешімге келеді;

-нақты дәлелдер келтіреді, дәлелдейді;

-берілген сұраққа жауап іздеу арқылы тұжырымдама жасайды;

берілген сұрақтарына жауап береді,  дәлелдермен айғақтайды;

-постер дайындайды, спикер қорғайды;

 

 

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15 мин

 

 

 

 

 Бекіту кезеңі

 

 

Слайд көрсету. Коучилерге коучинг материалы  негізіндегі брошюралар таратылады.

 

тақырыпты толық зерделейді;

3 мин

ІІІ

Бағалау

 

Кері байланыс

 

 

 

Коучилерге кері байланыс парағы таратылады.

Коучилер кері байланыс парағын толтырады.

- тақырыпты меңгергендігін  көрсетеді;

- коучинг-сессияның қаншалықты тиімді-тиімсіз, пайдалы-пайдасыз болғандығына көзқарасын білдіреді;

2 мин