Әдістемелік көмек

Коучинг-2

Коучинг-сессия

ҚМЖ 

Өту мерзімі:

Өтетін  орны – лицей кітапханасы

Р/с

Кезеңдер

Мазмұны

Күтілетін нәтиже

І

Дайындық кезеңі

Қажетті материалдарды,  ресурстарды дайындау.

 

1

Өту күні мен орнын белгілеу

Әріптестердің неғұрлым толық  қатысуын қамтамасыз ету үшін, қолайлы уақыт пен жұмыс жасауға ыңғайлы орынды анықтау және дайындау.

2

Коучинг сессияның тақырыбын/модулін анықтау

«Білім берудегі жаңа әдіс-тәсілдер»

3

Мақсаты

45 минут  ішінде әріптестерге «Білім берудегі жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбы негізінде жаңа әдіс-тәсілдер мен білім берудегі әдіс-тәсілдердің маңыздылығы туралы жаңа ой қалыптастыру. 

 

1.Білім берудегі жаңа әдіс-тәсілдермен танысады.

2. Білім берудегі әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдаудың, түрлендірудің  маңыздылығын,  тиімділігін түсінеді.

 

4

Сілтеме

Мұғалімдерге  арналған  Нұсқаулық

 

Ұсынатын материалдардың тақырыптың мазмұнына сай болуы, ғылымилығы, нақтылығы.

5

Күтілетін нәтиже

Әріптестерде әдіс-тәсілдер  туралы  жаңа көзқарас тудыру, кәсіби қолдау көрсету.

Оқушылардың оқуы жақсаратындығын, пәнге деген қызығушылығы артатындығын түсінеді, ал мұғалім сабақты ұйымдастыруда инклюзивтілікті қамтиды.

6

Түйінді идеялар

«Әдіс-тәсілдер– оқыту үрдісінің маңызды бөлшегі»

7

Қолданатын материалдар

Постер,  А4 парақтары, стикер,  маркер,  қалам, интерактивті тақта

8

Оқыту әдістері

Сергіту сәті,  топқа бөлу әдісі, болжау стратегиясы, кері байланыс, миға шабуыл

9

Дерек көздері

Теориялық материал  (МАН, 1 деңгей)

10

Тапсырмалар

Сұрақ-жауап, ассоциация, салыстыру, талдау, жинақтау, топтастыру, қолдану

11

Оқуға арналған тапсырма

Мұғалімге арналған Нұсқаулық, Үлестірмелі материалдар топтамасы

 

Р/с

 

Кезеңдер

 

Мазмұны

Табыс критерийлері

(Қалай анықтаймын?)

 

Күтілетін нәтиже

Орындауға берілген уақыт

ІІ

Өту барысы

1

Сергіту сәті

Коучингке келген әр қатысушыға  үш түрлі эмблема таратылады.

Әріптестер ортаға тұрып,  «Шаттық шеңберінде» бір-біріне допты лақтыру арқылы жылы лебіздерін  білдіреді.

 

Жағымды көңіл-күй атмосферасы қалыптасады

3 мин

 

Топқа бөлу

Эмблемалар арқылы топқа бөлінеді.

Жұмыс ретін, ережелерін түсіндіру.

Өзін-өзі реттелуін қадағалау.

Топтарға бөлінеді.

Топтық жұмыс тиімді болады, бір мәселеге бірлесе толық баға беріледі.

2 мин

2

Қызығушылықты ояту

 

 

 

 

 

 

«Миға шабуыл»

 

 

 

       Әр топтың үстелінде ыдыста апельсин, жұмыртқа  және пышақ, қасық  жатады.  Мақсат: осы заттарды пайдаланып, апельсин және жұмытқаны тазалаудың, аршудың ең тиімді тәсілін көрсету керек.

 

 

«Торай мен печенье» видеосы қойылады. Мақсат: коучинг тақырыбына шығу.

   

Ендеше, әдіс-тәсілдер дегеніміз не? Не үшін бізге әдіс-тәсілдер керек?

Әр топ осы сұраққа жауап іздейді.

«Аквариумдағы балықтар» әдісімен бір-бірінің жұмыстарымен танысады.

 

Шешу жолдарын ұсынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

өз тәжірибесін бағалау;

Нәтижені постерге сызу.

Формативті бағалау: бас бармақ әдісі

Бірлесе отырып, мәселені шешудің жолын қарастырады. Тәжірибеде көрсетеді.

 

 

 

 

Коучинг тақырыбын анықтайды.

 

 

-өз тәжірибесіне сын көзбен қарайды;

-топтық жұмыста бірлескен жұмыс жасайды;

 

5 мин

3

Ой толғаныс кезеңі:

 

Болжау әдісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үлестірмелі материалдар топтамасынан тапсырма. Мына оқушыларға қатысты қандай әдіс-тәсілдерді қолданған жөн?Мақсат: Оқушының проблемасын және оны шешу жолдарын көрсету. /Мазасыз Альма, қорғанғыш Дейв.

Бір топқа тек қана түрлі-түсті қағаздар мен желім, скотч, А4 қағазы беріледі.Мақсат: суретін салмай, сызбай, мәселені, шешу жолын  көрсетіңіз.

2-топқа ешқандай құрал-жабдықтар берілмейді.

Мақсат: проблеманы және шешу жолын сызбай, қосымша заттарсыз көрсету.

-топта бірігіп ортақ идеяларды шығару;

-ойлану арқылы ортақ дәлелдемелерді жасау;

- дәлелдермен айғақтау;

-өз тәжірибесін бағалау;

-топтардың бір-бірін формативті бағалауы:Мадақтау сэндвичі арқылы; 

 

 

 

 

 

 

- ойланады, өз дәлелдерін ұсынады;

-жеке дара ойланады, өз дәлелдерін ұсынады;

-топпен жұмыс жасау дағдыларын меңгереді;

-ортақ шешімге келеді;

-нақты дәлелдер келтіреді, дәлелдейді;

-берілген сұраққа жауап іздеу арқылы тұжырымдама жасайды;

- спикер қорғайды;

-берілген сұрақтарына жауап береді,  дәлелдермен айғақтайды;

 

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4

Сергіту сәті/топқа бөлу

 

 

 

 «Самурай, ханшайым және айдаһар» ойыны арқылы сергіту және 2 топқа бөлу.    

 

 

 

5 мин

 

 

Талдау

 

 

Қытай даналығы жазылған слайд шығады. Мақсат: адам өзгеге түсіндіргенде немесе өзі үрдіске араласқанда ған есте сақтайтындығын айғақтау.

«Денотаттық граф» әдісі туралы ақпарат таратылады. Топта бірлескен оқу арқылы коучилер тақырыпты зерделеп, постерге сызып, басқа топқа түсіндіреді. 

-спикердің қорғауы;

-топтардың бір-бірінформативті бағалау: «Ламинатталған критика» әдісімен;                              

- ойланады, өз дәлелдерін ұсынады;

-топпен жұмыс жасау дағдыларын меңгереді;

-ортақ шешімге келеді;

-нақты дәлелдер келтіреді, дәлелдейді;

-постер дайындайды, спикер қорғайды;

 

 

10 мин

 

 

 

5

 Бекіту кезеңі

 

 

Сонымен, бүгінгі коучингте біз қандай әдіс-тәсілдерді қолдандық? Солардың нешеуі жаңа деп ойлайсыздар?

Мақсат: коучилер  коучинг бойы коуч қолданған әдіс-тәсілдердің барлығын тізіп жазып шығады, еске түсіреді.

 

Спикер қорғайды.

формативті бағалау: «Бас бармақ» әдісімен;                              

тақырыпты толық  зерделегенін дәлелдейді;

5 мин

6

«Крокодил» ойыны

Коучилердің маңдайларына әр түрлі аң-құс, жануарлардың аттары жазылған стикерлер жабыстырылады.

Мақсат:  сұрақ қою арқылы жазудағы атауды анықтау.

 

Сұрақ қоюға, СТО-ға үйренеді, логикасы дамиды.

3мин

ІІІ

Бағалау

 

Кері байланыс

 

 

 

Коучилерге кері байланыс парағы таратылады.

Коучилер кері байланыс парағын толтырады.

- тақырыпты меңгергендігін  көрсетеді;

- коучинг-сессияның қаншалықты тиімді-тиімсіз, пайдалы-пайдасыз болғандығына көзқарасын білдіреді;

2 мин